Йоахим Лёв Өзбекстан құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін

Championat.Asia сайтының мәліметінше, неміс маманы Йоахим Лёв Өзбекстан құрамасын баптауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазір ел футбол қауымдастығы мен жаттықтырушы арасында келіссөздер жүріп жатыр.
Егер Лёв ұсынысты қабылдаса, оның штабына команданың қазіргі бас бапкері Тимур Кападзе қосылады. Еске салайық, Кападзе Срекко Катанч кеткеннен бері команданы баптап келеді, бірақ оның келісімшарты әлі ұзартылған жоқ.
Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы тарихта алғаш рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шықты және 2026 жылғы әлем чемпионатында өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или