Клубтық әлем чемпионатында ең көп табыс тапқан 10 команда

Клубтық әлем чемпионатында ең көп табыс тапқан 10 команда

Жексенбі, 13 шілдеде АҚШ-та клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалдық ойыны өтіп, онда «Челси» ПСЖ-ны 3:0 есебімен сенімді түрде ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл табыс лондондық команда үшін тарихи болды. The Athletic басылымының хабарлауынша, «Челси» турнирден рекордтық сома - 114,6 миллион доллар табыс тапты. Оның 29 миллион доллары жарысқа қатысқаны үшін алынған болса, қалған 86,5 миллионы жүлделі қаржы болып табылады.

Турнирдегі ең табысты 10 команданың қатарына сонымен қатар: «ПСЖ» (106,9 млн доллар), «Реал Мадрид» (82,5 млн), «Флуминенсе» (60,8 млн), «Бавария» (58,2 млн), «Боруссия Д» (52,3 млн), «Манчестер Сити» (51,7 млн), «Палмейрас» (39,8 млн), миландық «Интер» (36,8 млн) және саудиялық «Аль-Хиляль» (34,2 млн). 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или