WTA қазақстандық теннисшілердің рейтингін жаңартты

WTA қазақстандық теннисшілердің рейтингін жаңартты

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) Уимблдон-2025 турнирінен кейінгі рейтингі жаңартылды, деп жазады Prosports.kz.

Бірінші орында 7395 ұпай жинаған белорус Арина Соболенко қалса, биыл Уимблдон чемпионы атанған поляк Ига Швёнтек (5983) екінші орында. Америкалық Кори Гауфф 4609 ұпаймен үшінші орынға көтерілді.

Қазақстанның ең мықты өкілі Елена Рыбакина чемпиондық бәсекеде бір саты төмен түсіп, 2536 ұпаймен тоғызыншы орынға жайғасты. Юлия Путинцева бірден тоғыз орын сырғып, 52-ші (734 ұпай) орынға көтерілді.

Еске салайық, Уимблдон-2025 турнирінде Елена Рыбакина үшінші раундқа дейін жетсе, Юлия Путинцева жарыстың бірінші айналымда жеңілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или