«Челси» клубтық әлем чемпионатының финалында ПСЖ-ны жеңді

«Челси» клубтық әлем чемпионатының финалында ПСЖ-ны жеңді

Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалы Нью-Джерси штатындағы Шығыс Рутерфорд қаласындағы MetLife стадионында өтіп, ағылшындық «Челси» француздық «ПСЖ» командасын 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Көктер» матчтың нәтижесін бірінші таймда шешті. Алдымен, Коул Палмер екі гол соқты (22-ші және 30-шы минуттар), одан кейін Жоао Педро (43-ші) қорытынды есепті тіркеді.

Осылайша, «Челси» клубтар арасындағы әлем чемпионы атанды. Айта кетейік, сарапшылар турнир басталмай тұрып «ПСЖ» командасын титулға басты үміткер деп есептеген болатын.

Айта кетейік, финалға АҚШ президенті Дональд Трамп қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или