Тимофей Скатов Швециядағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов (АТР рейтингінде 209-орын) Бостадтағы (Швеция) турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Іріктеудің жартылай финалында Скатов үндістандық Сумит Нагалмен (296-орын) кездесіп, екі сетте 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Кездесу 1 сағат 26 минутқа созылды.
Бостадтағы турнирдің жүлде қоры 596 035 еуро. Жеңімпаз 90 675 еуро жинап, 250 рейтингтік ұпайға ие болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или