Елена Рыбакинаның WTA рейтингіндегі орны белгілі болды

Елена Рыбакинаның WTA рейтингіндегі орны белгілі болды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 11 орын) Уимблдон 2025 аяқталғаннан кейін әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасында екі позицияға төмендеді деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің үшінші айналымында жеңілген Рыбакина өткен жылғы жартылай финалдағы ұпайын қорғай алмай, WTA рейтингінде 13-орынға түсіп қалды.

Айта кетейік, Уимблдон-2025 жеңімпазы финалда америкалық Аманда Анисимованы (12-орын) жеңген польшалық теннисші Ига Швёнтек (4-орын) болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или