Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева (WTA рейтингінде 306-орын) Гамбургте (Германия) өткен турнирдегі өнерін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Іріктеу кезеңінің жартылай финалында Құламбаева неміс Мина Ходжичпен (445-орын) кездесіп, оны екі сетте 6:4, 7:5 есебімен жеңді.
Кездесу 1 сағат 46 минутқа созылды.
Гамбургтегі турнирдің жүлде қоры 275 094 еуро. Жекелей сындағы жеңімпаз 31 565 еуро алады, сонымен қатар 250 рейтингтік ұпайға ие болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или