«Ордабасы» он адаммен жүріп, «Астананы» жеңді

Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры аясында Шымкентте «Ордабасы» мен «Астана» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл ойында алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесудегі жалғыз голды 85-минутта Эвертон соқты.
Матчтың 67-минутында «Ордабасы» ойыншысы Зикрилло Сұлтаниязов қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
«Ордабасы» – «Астана» – 1:0
Гол соққан: Эвертон (85)
Осы ойыннан кейін «Астана» 37 ұпаймен турнирлік кестедегі бірінші орнын сақтап қалды, ал «Ордабасы» 23 ұпай жигап, жетінші орынға жайғасты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или