Ламин Ямаль: Арманым – Чемпиондар лигасы мен әлем біріншілігін ұту

Ламин Ямаль: Арманым – Чемпиондар лигасы мен әлем біріншілігін ұту


«Ювентустың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Блез Матюиди Криштиану Роналдудың еңбекқорлығын сипаттайтын бір оқиғаны еске алды, деп хабарлайды Prosports.kz «Чемпионат» сайтына сілтеме жасап.

«Криштиану – нағыз кәсіби спортшы. Бірде біз түнгі екі шамасында ойыннан оралдық. Барлығымыз үйге қайтқалы тұрғанбыз. Сол сәтте Роналду Мехди Бенатияға келіп, бірге қалпына келтіру жаттығуын жасауға үгіттеді. Біз әбден шаршап тұрғанбыз, ал ол жұмыс істеуге дайын еді. Сол кезде ішімнен: “Мынау жынды ма өзі?” – деп ойлап қалдым», – деді Матюиди Tuttosport басылымына берген сұхбатында.

Ол сондай-ақ дәл осындай табандылық пен тәртіптің арқасында Роналду бүгінге дейін жоғары деңгейде ойнап жүргенін атап өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или