Винисиус Жуниор бапкер шешіміне наразы болды

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Винисиус Жуниор клубтар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалында Хаби Алонсоның шешіміне көңілі толмағанын білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz «Чемпионат» басылымына сілтеме жасап.
Футболшының айналасындағы дереккөздердің мәліметінше, бразилиялық ойыншыға сол ойында сеніп тапсырылған оң қапталдағы рөл ұнамаған. Айта кетейік, «Реал» бұл кездесуде «ПСЖ»-дан 0:4 есебімен ойсырай жеңілген еді.
Сонымен қатар, футболшының келісімшартына қатысты жағдай да әлі нақтыланбады. Келісімді ұзарту туралы қауесет көп айтылғанымен, әзірге тараптар ортақ шешімге келе алмай отыр.
Қазіргі келісімшарт 2027 жылдың жазының соңына дейін күшінде. Transfermarkt порталының бағалауы бойынша, 23 жастағы шабуылшының нарықтық құны – 170 миллион еуро.