Қытайда өткен көпкүндік жарыста қазақстандық велошабандоз топ жарды

Қытайда өткен беделді көпкүндік веложарыс — «Цинхай көлі турында» XDS Astana Team сапында өнер көрсететін Хенок Мулюбырхан жалпы есепте жеңіске жетті.
Соңғы кезең Сихайчжэн қаласында өтіп, 121,3 шақырымдық қашықтықтан кейін спринтпен аяқталды. Бұл күні команда капитанына көмектесуді мақсат тұтқан Сантьяго Умба екінші аралық спринтті ұтып алды, ал Аарон Гейт мәреге үшінші болып келді.
Хенок жалпы жеңіспен қатар, ұпайлық классификацияда да үздік шықты. Оның командаласы Харольд Мартин Лопес жалпы есепте үшінші орынды иеленді.
"Бұл жеңістің мен үшін маңызы зор. Біз бұл жарысқа тыңғылықты дайындалдық. Командаластарымның еңбегі ерекше. Апта бойы бірге жұмыс істеп, жақсы нәтиже көрсеттік", — деді Мулюбырхан. Ал команданың спорт директоры Дмитрий Седун: "Бір велошабандозымыздан айырылып қалғанымызға қарамастан, барлығымыз бар күшімізді салдық. Екі секунд айырмашылықпен жеңіске жету — ұйымшыл ұжым жұмысының жемісі", — деп пікір білдірді.