Месси «Интер Майами» сапында қос гол соқты

Месси «Интер Майами» сапында қос гол соқты

MLS турнирінде «Интер Майами» мен «Нэшвилл» арасындағы кездесу аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу АҚШ-тың Форт-Лодердейл қаласындағы DRV PNC стадионында өтіп, алаң иелерінің 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды.

Жеңімпаздар сапында атақты аргентиналық шабуылшы Лионель Месси дубль авторы атанды. Қонақтардың жалғыз голын неміс шабуылшысы Хани Мұхтар соқты. 

«Интер Майами» 19 матчтан кейін 38 ұпай жинап, Шығыс конференциясында бесінші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или