Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден Франциядағы Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды

Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден Франциядағы Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды

Қазақстандық спортшы Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден Францияның Шамони қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жалпы жылдамдық бағдарламасы бойынша Қазақстан атынан сегіз спортшы сынға түсті.

Жарыстың негізгі бөліміне тек Ришат Хайбуллин мен Әмір Маймұратов шықты.

Ришат финалға дейін жетіп, АҚШ спортшысы Самуэль Уотсонға жол берді. Осылайша күміс медальға ие болды. Қола жүлде тағы бір америкалық спортшы Зак Хаммерге бұйырды.

Ал Әмір Маймұратов іріктеу кезеңінде екінші орынды иеленді. Дегенмен жарыстың негізгі бөлімінде ширек финалға дейін жетіп, испаниялық Эрик Ноя Кардонаға есе жіберді.

Айта кетейік, Әлем кубогы кезеңіне 31 елден 312 спортшы қатысуда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или