Резниковты жеңген ресейлік файтер мәлімдеме жасады

Резниковты жеңген ресейлік файтер мәлімдеме жасады


ММА спортшысы Юсуф Раисов ACA жеңіл салмақтағы қазіргі чемпионы Абдул-Азиз Абдулвахабовтың келесі қарсыласы туралы ойын айтты. Оның пікірінше, бұл мүмкіндік Дауд Шайхаевқа берілуі тиіс.

«Ол көптен бері күтіп жүр. Абдул-Азиз екеуі бір залда жаттығады, сондықтан арадағы достыққа бола жекпе-жек өткізген жоқ. Қазір сол шыдам мен құрметтің өтеуі ретінде оған титул үшін шығуға рұқсат берілуі әділетті болар еді», — деді Раисов.

Сондай-ақ, ол Абдулвахабовтың мансабын аяқтауы мүмкін екенін де жоққа шығармайды. «36 жаста. Мұндай керемет нокауттан кейін лайықты түрде кетуге болады. Мүмкін дайындық ауыр болған шығар – оны тек командасы біледі. Бірақ ол – нағыз чемпион», – деді Юсуф.

Айта кетейік, биыл ақпанда Раисов қазақстандық Артем Резниковпен реванш өткізіп, бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, BMF белдігін иеленген еді. Ал алғашқы жекпе-жекте жеңіс Резниковқа тиесілі болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или