«Қызылжар» Түркістаннан үш ұпай алып кетті

«Қызылжар» Түркістаннан үш ұпай алып кетті


Бүгін, 12 шілде күні Қазақстан чемпионатының 16-турында «Туран» мен «Кызылжар» командалары кездесті. Ойын 1:2 есебімен петропавлдық клубтың пайдасына аяқталды.

Алғаш болып есепті ашқан түркістандықтар еді – Аббас 11-минутта гол соқты. Алайда екінші таймда «Кызылжар» жауап қайтара білді: 70-минутта Козленко таразы басын теңестірсе, 86-минутта Жангылышбай пенальтиден жеңіс добын соқты.

Бұл жеңістен кейін «Кызылжар» турнир кестесінде тоғызыншы орында қалып, төменгі үштікпен арадағы айырмашылықты бес ұпайға жеткізді. Ал «Туран» әзірге құлдырау аймағынан шыға алмай келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или