«Тобыл» сапына черногориялық қорғаушы қосылды

Қостанайлық «Тобыл» сапына орталық қорғаушы Неманья Цавнич қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Неманья Цавнич – «Тобыл» ойыншысы.
Черногорияның орталық қорғаушысы Неманья Цавнич «Тобылмен» келісімшартқа қол қойды.
Неманья кәсіби мансабын Черногорияның «Зета» құрамында бастады. 2018 жылы Цавнич Данияға қоныс аударды, онда ол бірінші лиганың «Фремад Амагер» және «ХБ Кеге» клубтарында доп тепті.2024 жылдың ақпанында ол босниялық «Железничар» клубына ауысты. Босния мен Герцеговина Премьер-лигасында бір жыл ішінде ол команданың негізгі ойыншысына айналды.Цавнич мансабында барлығы 330-дан астам матч өткізіп, 8 гол соқты. Ол Черногория жастар құрамасына шақырту алған», - делінген клуб хабарламасында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или