«Қайрат», «Ақтөбе» мен «Ордабасының» қарымта матчтарын қай телеарнасы көрсетеді?

«Қайрат», «Ақтөбе» және «Ордабасы» еурокубоктардың бірінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчтарын қаншада бастайтыны және қай телеарналар көрсететіні белгілі болды, деп хабарлайды Proports.kz.
Сейсенбі, 15 шілде күні Алматыда Чемпиондар лигасы аясында «Қайрат» пен Словенияның «Олимпия» командасы арасында жауапты матч өтеді. Ойын Қазақстан уақыты бойынша 20:00-де басталады. Кездесуді Q League телеарнасы көрсетеді.
Ал 17 шілдеде «Ақтөбе» Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде польшалық «Легияны» қабылдайды. Ақтөбедегі матч 21:00-де басталады. Бұл кездесуді Qazaqstan телеарнасы тікелей эфирде ұсынады.
Дәл осы уақытта, 21:00-де Шымкентте Конференциялар лигасы аясында «Ордабасы» мен Грузияның «Торпедо» клубы арасында ойын басталады. Ойынды QazSport телеарнасынан көруге болады.
Еске салайық, алғашқы ойында «Қайрат» пен «Олимпия» 1:1 есебімен тең түсті, «Ақтөбе» «Легияға» 0:1 есебімен есе жіберді, ал «Ордабасы» «Торпедодан» 3:4 есебімен жеңіліп қалған еді.
Айта кетейік, еурокубокқа қатысатын төртінші қазақстандық команда «Астана» Конференция лигасындағы өз ойындарын екінші іріктеу кезеңінен бастайды.