Сауль Альварес Усик пен Дюбуа арасындағы реваншқа қомақты бәс тікті

Екінші орта салмақта абсолют әлем чемпионы, танымал мексикалық Сауль Альварес суперауыр салмақта WBC, WBA және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Александр Усиктің IBF чемпионы Даниэль Дюбуаға қарсы жеңісіне 500 мың доллар тікті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Соңғы бес жылда Усик үздіктерді жеңді. Александрдың денесі өте шыдамды, өзі өте техникалық және ақылды. Мен біреуден сондай зейінділікті байқасам, сол адамға сенемін. Сол себепті мен оның жеңісіне ірі сома тіктім. Александр, өзің бол», — деп жазды Альварес әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салайық, Дюбуа мен Усик арасындағы реванш 19 шілде күні Лондонда (Ұлыбритания) өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или