Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы «Оқжетпестің» бапкерлік штабына енді

Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы «Оқжетпестің» бапкерлік штабына енді

Қазақстан құрамасы мен бірқатар футбол клубтарының бұрынғы қорғаушысы, Қазақстанның екі дүркін чемпионы, Кубок пен Суперкубок иегері Антон Чичулин «Оқжетпес» клубының бапкерлік штабына енді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport+ сайтына сілтеме жасап.

Футболшы карьерасын аяқтағаннан кейін Антон Борисович «Астана» футбол орталығында және клубтың қосалқы құрамында жұмыс істеген.

Қазіргі уақытта «Оқжетпесті» Қазақстан құрамасының тағы бір бұрынғы қорғаушысы Қайрат Нұрдәулетов жаттықтырып жүр.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или