Қазақстандық балуан Азия чемпионатының алтыны үшін белдеседі

Камиль Куруглиев Бішкекте өтіп жатқан еркін күрестен Азия чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық балуан 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, кем дегенде күміс жүлдені қамтамасыз етті.
Жартылай финалда Куруглиев Қытай спортшысы Джауэй Лиді сенімді түрде жеңіп, жекпе-жек 4:2 есебімен аяқталды.
Финалда Камиль ирандық Ерфан Ализедпен немесе үндістандық Вишалмен кездеседі. Бұл екеуінің белдесуі қазақстандық балуанның алтын жүлде үшін айқасты кіммен өткізетінін анықтайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или