Қазақстандық клубтардың еурокубоктағы қарымта кездесуі қашан басталады

UEFA еурокубок ойындарындағы бірінші іріктеу кезеңіндегі қарымта кездесу ойындарының уақытын белгіледі. Онда еліміздің атынан «Қайрат», «Ақтөбе» мен «Ордабасы» бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Алдымен 15 шілдеде Алматыда Чемпиондар лигасында жергілікті «Қайрат» өз алаңында Словенияның «Олимпиясын» қабылдайды. Ойын қазақстандық уақытпен 20:00–де басталады.
Ал 17 шілдеде «Ақтөбе» Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Польшаның «Легиясымен» шеберлік байқасады. Кездесу Ақтөбеде 21:00–де басталады. Дәл сол уақытта Шымкентте Конференция лигасында жергілікті «Ордабасы» грузиялық «Торпедо» клубымен ойнайды.
Еске салсақ, бірінші кездесуінде «Қайрат» «Олимпиямен» (1:1) тең түссе, «Ақтөбе» «Легияға» (0:1), «Ордабасы» «Торпедоға» (3:4) есе жіберді.