Қазақстандық файтер шетелдік лигада жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық ММА файтері Магомед Кабардиев (10-1) БАӘ-дегі беделді UAE Warriors промоушенінде жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол 24 шілдеде Абу-Дабиде өтетін UAE Warriors 62 турнирінің басты жекпе-жегінде өнер көрсетеді. Жеңіл салмақтағы қарсыласы украиналық Кирилл Горобец (13-3) болады. Жекпе-жек бес минуттық үш раундқа жоспарланған.
UFC-мен келісімшартқа отыруға үміткерлердің бірі болып саналатын Naiza FC лигасының бұрынғы чемпионы Магомед Кабардиев үшін алдағы жекпе-жек оның «Наше дело» турнирінде ресейлік Александр Грозиннен (26-5-1) төрешілер шешімімен жеңілген 2023 жылдан бергі алғашқы ресми өнер көрсетуі болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или