«Атыраудың» конголық жартылай қорғаушысы командаға қосылды

«Атыраудың» конголық жартылай қорғаушысы командаға қосылды

33 жастағы конголық вингер Джоэль Каямба «Атырауға» келді, деп хабарлайды Prosports.kz 

«Жанкүйерлеріміз тағатсыздана күткен Джоэль Каямба «Атырауға» келді. Ұзақ күту, кедергілер - бәрі артта қалды. Енді тек футбол қалды», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, «Атырау» вингермен келісімшартқа отырғанын екі апта бұрын хабарлағанымен, футболшы Премьер-лиганың 15-турындағы «Ақтөбеге» қарсы ойынға қатысу өтініміне енбей қалған болатын.

Бұдан бұрын футболшы Ливияның «Абу-Салим» командасында ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или