Қазақстан Қытайдағы халықаралық турнирге қатысатын құрамын жариялады

Қазақстан Қытайдағы халықаралық турнирге қатысатын құрамын жариялады

Қазақстандық боксшылар Қытайда өтетін халықаралық турнирге қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасының боксшылары көршілес Қытай еліне аттанды. Бұл халықаралық турнирге Өзбекстан мен Куба ұлттық құрамалары да қатысады. Қазақстан намысын 10 боксшы қорғайды, олардың төртеуі жастар құрамасынан іріктелген.

Турнирге қатысатын боксшылар тізімі:

– Жасурбек Анарбаев
– Сералы Жолмағамбетов
– Нұржан Амангелді
– Бақберген Алияскаров
– Бекзат Алдамжаров
– Асылжан Серікбай
– Жандос Қыдыралиев
Ильяр Аширов
– Нұрмағанбет Юсупов
– Даниял Сапарбай

Айта кетейік, бүгін турнирдің жеребесі тартылды. Жарыс ертең басталып, 17 шілдеге дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или