Әмір Омарханов Уимблдонның жұптық сынында жартылай финалдық матчын өткізді

Әмір Омарханов Уимблдонның жұптық сынында жартылай финалдық матчын өткізді

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов ресейлік Егор Плешивцевпен жұптасып, 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Уимблдон турнирінің жұптық сынында жартылай финалдық матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда Омарханов пен Плешивцев финляндиялық Оскари Палданиус және польшалық Алан Важнымен кездесіп, 4:6, 6:4, 5:10 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 1 сағат 17 минутқа созылды.

Осылайша, Әмір Омарханов пен Егор Плешивцев турнирдегі өнерін аяқтады. Ал Палданиус пен Важны финалға шығып, Оливер Бондинг (Ұлыбритания) / Джаггер Лич (АҚШ) — Мик Роттгеринг / Хидде Шенмакерс (Нидерланд) жұбының жеңімпаздарымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или