Қазақстандық таеквондошылар Оңтүстік Кореядағы турнирдің финалында бақ сынайды

Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында таеквондодан "World Taekwondo Diamond Game" турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Әйелдер арасындағы командалық сайыста өнер көрсететін Аида Тәукенова мен Камила Аймукашева финалға жолдама алды.
Отандастарымыз жартылай финалда Индонезия құрамасымен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы финалдық жекпе-жекте Марокко құрамасымен алтын жүлдені сарапқа салады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или