Қазақстанда ең қуатты соққы иесі аталды

24 жастағы қазақстандық ММА файтері Аңсар Қасымжанов (5-1) отандық ең қуатты соққы иелерін атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
— Қазақстандық спортшылардың ішінде соққысы ең мықты кім?
— Дияр Нұрғожай. Екеуміз бірге жаттығамыз. Соққысы ауыр. Евгений Егембердиевтің де соққысы өте мықты. Ол – негізі боксшы, көп жекпе-жекте нокаутпен жеңген. Сондай-ақ Naiza ұйымында 70 келіде өнер көрсететін Эльджан Гасанов.
— Ал өзің қай орындасың?
— Бәсекеден тыс! — деді Қасымжанов Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Айта кетейік, Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде үшінші орында тұр.
Жартылай орта салмақтағы Alash Pride ұйымының бұрынғы чемпионы Қасымжановтың кәсіпқой ММА-дегі көрсеткіші – бес жеңіс және бір жеңіліс.
2025 жылы 30 мамырда өткізген кейінгі жекпе-жегінде Қасымжанов Қарағандыдағы Naiza 73 турнирінде Қытай спортшысы Яхyи Жуды (3-0) бірінші раундта нокаутқа түсірген еді.