Ислам Махачевтің келесі жекпе-жегі АҚШ-та өтеді

Ислам Махачевтің келесі жекпе-жегі АҚШ-та өтеді

Ресейлік файтер Ислам Махачевтің келесі жекпе-жегі Абу-Дабиде емес, АҚШ-та өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы оның менеджері Али Абдель-Азиз Камару Усман мен Генри Сехудоның подкастында айтты.

«Бұл жекпе-жек Абу-Дабиде болмайды. Ислам Махачев енді ол жақта жұдырықтаспайды. Кездесу АҚШ-та, әлемдегі ең ірі ареналардың бірінде өтеді», – деді Абдель-Азиз.

Айта кетейік, Махачев келесі кездесуінде UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы, австралиялық Джек Делла Маддаленаға қарсы шығады. Жекпе-жек 2025 жылдың соңына дейін өтуі тиіс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или