Астанада теннистен халықаралық «Президент кубогы» өтеді

Астанада теннистен халықаралық «Президент кубогы» өтеді

Шілденің 27-сі мен тамыздың 16-сы аралығында Астанадағы Beeline arena ұлттық теннис орталығының жазғы хард жабындысындағы корттарында ATP Challenger Tour мен ITF World Tennis Tour серияларындағы халықаралық турнирлер өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жарыстар «Президент кубогы» атауымен біріктірілген.

Биыл Қазақстан намысын Григорий Ломакин, Амир Омарханов, Зангар Нурланұлы, Дамир Жолғасбай, Аружан Сағандықова, Асылжан Арыстанбекова, Сандуғаш Кенжебаева сынды спортшылар қорғайды.

1991 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан «Президент кубогы» еліміздегі ең беделді кәсіби турнирлердің бірі саналады. 2007 жылдан бастап халықаралық деңгейге көтерілген жарыс жас теннисшілер үшін нағыз үлкен теннис әлеміне жол ашатын алаңға айналды. Бұл турнирде кезінде Даниил Медведев, Андрей Рублёв, Карен Хачанов, Себастьян Корда, Иван Додиг сынды танымал спортшылар өнер көрсеткен. Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Илья Марченко және Райнер Шуттлер осы жарыстың жеңімпаздары қатарында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или