Демеу Жадыраев боз кілемге оралатын күн белгілі болды

Париж Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған Демеу Жадыраев осы жылы боз кілемге оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы ұлттық құрама бапкері Қонысбек Төкенов sportbugin сайтына берген сұхбатында айтты.
Төкеновтің айтуынша, 35 жастағы спортшы тамыз айында Германияның Дортмунд қаласында өтетін Гран-при турнирінде бақ сынайды. Дәл осы жарыстағы нәтижесіне қарай оның әлем чемпионатына қатысу-қатыспауы шешілмек.
«Спортшы қазіргі уақытта тығыз дайындық үстінде. Тамызда Дортмундтегі Гран-приге қатысады. Біз оның қазіргі деңгейін сол жерде бағалаймыз. Егер жақсы нәтиже көрсетсе, әлем чемпионатына қатысатын кандидаттар қатарына енеді. Ал нәтиже болмаса – құрамадан тыс қалады», – деді Төкенов.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или