Эльназ Қалиахмет әлем чемпионатында сенсация жасады

Батумиде өтіп жатқан шахматтан әлем чемпионатында қазақстандық 14 жастағы Эльназ Қалиахмет сенсацияның авторы атанды. Алматы облысының жас шахматшысы грузиялық гроссмейстер Нино Бациашвилиді жарыс жолынан шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Бірінші ойын тең аяқталса, екінші ойында Эльназ жеңіске жетіп, екі ойынның қорытындысы бойынша 1,5:0,5 есебімен үшінші айналымға өтті.
Қалиахмет турнирге Қазақстан чемпионы ретінде қатысып жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или