«Барселона» сапына ағылшын шабуылшысы ауысуы мүмкін

«Барселонаның» бас бапкері Ханс-Дитер Флик «Манчестер Юнайтедтен» ағылшын шабуылшысы Маркус Рэшфордтың ауысуын мақұлдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы журналист және инсайдер Маттео Моретто әлеуметтік желіде жазды.
Дереккөздің хабарлауынша, жақын күндері трансферге қатысты тараптар арасында жаңа байланыстар болады деп күтілуде. «Барселона» басшылығы да 27 жастағы ағылшынды қатарға қосуды көздеп отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или