Almaty Open турниріне жұлдызды теннисшілер қатысады

Грекиялық теннисші Стефанос Циципас (АТР рейтингінде №26) ATP 250 Almaty Open турниріне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Циципас - әлемнің экс-үшінші нөмірі, Ролан Гаррос (2021) және Австралия ашық чемпионатының (2023) финалисті, ATP финалының жеңімпазы (2019) және жекелей сында 12 титулдың иегері. 2022 жылы ATP 500 Astana Open турнирінің финалына шықты.
"Мен Қазақстанға оралуды асыға күтемін. 2022 жылы Астанада өткен ATP 500 финалында ойнадым, бұл ел менің жүрегімде жылы естеліктер қалдырды. Мен осы әдемі елге қайта оралғаныма қуаныштымын, бірақ бұл жолы Алматыда. Көріскенше!" - деді теннисші.
Додаға Даниил Медведев, Карен Хачанов және Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик те қатысады.
ATP 250 Almaty Open 11-19 қазан аралығында Almaty Arena-да өтеді.