Бек Нұрмағанбет Мексикадағы бокс кешіне қатысады

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (14-0, 12 КО) келесі жекпе-жегінің күнін анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Нұрмағанбет 12 шілдеде Мексиканың Кулиакан жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы жергілікті Хавьер Каррера Тинажеро (15-13, 12 КО) болмақ. Жартылай ауып салмақтағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған. Қазақстан уақыты бойынша шайқас 13 шілде күні таңертең болады.
25 мамырда Калифорния штатының Сан-Диего қаласында өткен бокс кеші аясында Бек Нұрмағанбет гондурастық Карлос Фидель Гити Мирандаға (7-2, 3 КО) қарсы жұдырықтасуы керек еді, бірақ Миранданың денсаулығына байланысты жекпе-жек өтпеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или