Константин Горовенко «Ертіс» клубының спорт директоры қызметіне тағайындалды

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты inform.kz-ке сілтеме жасап.
Оны қазақстандық футбол жанкүйерлеріне «Қайрат», «Қайнар», «Жеңіс», «Алма-Ата», «Сұңқар», «Мегаспорт» сынды клубтары және Қазақстан құрамасының ойыншысы ретінде жақсы таниды.
Бапкерлік мансабында «Сұңқар», «Жетісу», «Шахтер», «Атырау» және «Каспий» клубтарына басшылық жасады.
Сондай-ақ «Қайраттың» жастар командасымен 2017 жылы Қазақстан Бірінші лигасының қола жүлдегері болды. 2021 жылы «Мақтаарал» командасымен Бірінші лиганың күміс жүлдесіне қол жеткізіп, Премьер-лигаға жолдама алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или