«Астана» шабандозы «Тур де Франстың» алтыншы кезеңінде 7-орын алды

«Астана» шабандозы «Тур де Франстың» алтыншы кезеңінде 7-орын алды

Бүгін «Тур де Франс» көпкүндік веложарысының алтыншы кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кезең жеңімпазы EF Education-EasyPost командасынан ирландиялық велошабандозы Бен Хили атанды. Екінші орынды Lidl-Trek сапындағы америкалық Куинн Симмонс иеленді. Үздік үштікті Tudor Pro командасынан аустралиялық Майкл Сторер түйіндеді.

«Астана» сапында үздік нәтижені Харольд Техадаға көрсетті. Ол мәреге жетінші болып жетті. Серхио Игита 21-орын, Симоне Веласко — 44-орын, Клеман Шампуссен — 71-орын, Майк Тёниссен — 131-орын, Кейс Бол — 132-орын, Евгений Федоров — 145-орын, ал Давиде Баллерини 176-орын алды.

«Тур де Франс». Алтыншы кезең. Байё — Вир. 201.5 шақырым

1. Бен Хили (Ирландия, EF Education-EasyPost) — 4:24:10
2. Куинн Симмонс (АҚШ, Lidl-Trek) — +2:44
3. Майкл Сторер (Аустралия, Tudor Pro) — +2:51

7. Харольд Техада (Колумбия, «Астана») — +3:52
21. Серхио Игита (Колумбия, «Астана») — +5:32
44. Симоне Веласко (Италия, «Астана») — +7:37
71. Клеман Шампуссен (Франция, «Астана») — +9:00
131. Майк Тёниссен (Нидерланд, «Астана») — +21:52
132. Кейс Бол (Нидерланд, «Астана») — +21:55
145. Евгений Федоров (Қазақстан, «Астана») — +29:27
176. Давиде Баллерини (Италия, «Астана») — +29:57

Жалпы есеп:

1. Матье Ван дер Пул (Нидерланд, Alpecin-Deceuninck) — 21:52:34
2. Тадей Погачар (Словения, UAE Team Emirates-XRG) — +0:01
3. Ремко Эвенепул (Бельгия, Soudal Quick-Step) — +0:43

47. Симоне Веласко (Италия, «Астана») — +15:09
66. Серхио Игита (Колумбия, «Астана») — +21:24
77. Харольд Техада (Колумбия, «Астана») — +24:29
81. Клеман Шампуссен (Франция, «Астана») — +25:55
126. Майк Тёниссен (Нидерланд, «Астана») — +40:12
160. Кейс Бол (Нидерланд, «Астана») — +55:07
170. Давиде Баллерини (Италия, «Астана») — +57:02
178. Евгений Федоров (Қазақстан, «Астана») — +1:02:57.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или