Уимблдон жартылай финалында сенсация: Соболенко жарыстан шығып қалды

Уимблдон жартылай финалында сенсация: Соболенко жарыстан шығып қалды

Бүгін Уимблдон-2025 турнирінде әйелдер арасындағы жекелей сында финалға жолдама алған спортшылар анықталып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы жартылай финалда әлемнің бірінші ракеткасы, беларусьтік Арина Соболенко мен америкалық Аманда Анисимова кездесті. Айта кетейік, Анисимова бірінші айналымда қазақстандық Юлия Путинцеваны 6:0, 6:0 есебімен ойсырата жеңген болатын. Турнирде ол 13-нөмірмен тіркелген.

Ойын алдында қос теннисші арасындағы жеке кездесулердегі есеп 5:3 есебімен америкалықтың пайдасында еді.

Жартылай финалда күтпеген нәтиже болды. Үшінші сетте қарсыластар бір-бірінің геймін жиі тартып алды. Матч есебі — 6:4, 4:6, 6:4 — Анисимова жеңіске жетті.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или