Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы шетел чемпионатына ауысты

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы шетел чемпионатына ауысты


Қазақстан футболының түлегі Рауль Жалелов енді Қырғызстан біріншілігінде доп тебеді. Ол «Азиягол» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz legalbet.kz-ке сілтеме жасап.

2025 жылғы маусымның алғашқы бөлігінде шабуылшы Бішкектің «Сити» командасының намысын қорғап, 13 кездесуде екі гол соққан болатын.

Рауль бұған дейін Қазақстан жастар құрамасына шақырылып, 6 матчта бір мәрте көзге түскен.

Айта кетейік, ол 2022 жылы Қырғызстанға оралып, араға бір жыл салып ұлттық құрама сапында алғашқы ойынын өткізген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или