Шорт-тректен Қазақстан құрамасының көшбасшысы допинг-бақылау тізіміне енді

Қазақстанның шорт-трек құрамасының көшбасшыларының бірі, әлем чемпионаты мен Азия ойындарының жүлдегері Денис Никиша 2025/26 маусымына арналған Халықаралық конькишілер одағының (ISU) допинг-бақылау тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Prosports.kz sportnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Атлеттің Registered Testing Pool тізіміне енуі – маусым бойы өзінің қайда жүргені жайлы мәлімет беріп, жарыстан тыс кез келген уақытта допинг-тексеруден өтуге міндетті екенін білдіреді.
Никишадан бөлек бұл тізімге ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиева мен тағы төрт ресейлік спортшы – Владислав Дикиджи, Алина Горбачева, Петр Гуменник және Аделия Петросян кірді. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар бұл жолы тізімге енбеген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или