Әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы Алматыда өтетін турнирге қатысады

Грекиялық теннисші Стефанос Циципас ATP 250 санатындағы Almaty Open турниріне қатысатынын растады, деп хабарлайды Prosports.kz «Спорт Шрёдингера» арнасына сілтеме жасап. Жарыс 11–19 қазан аралығында өтеді.
Циципас – әлемдік рейтингтің бұрынғы үшінші ракеткасы. Ол бұған дейін 2022 жылы Қазақстанда өнер көрсетіп, Астанадағы ATP 500 турнирінің финалына дейін жеткен. Сол финалда ол Новак Джоковичке жол берген еді.
Осыған дейін турнирге қатысатынын Карен Хачанов, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Даниил Медведев және Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик те растаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или