Қазақстан құрамасы рейтингте бір саты төмен түсті

Қазақстан құрамасы рейтингте бір саты төмен түсті


ФИФА ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады. Қазақстан құрамасы бір орынға төмендеп, қазіргі таңда 114-орынды иеленіп тұр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рейтингтің алғашқы бестігі өзгеріссіз қалды: көш басында – Аргентина. Одан кейінгі орындарда – Франция, Бельгия, Англия және Бразилия.

Португалия құрамасы Нидерландыны артқа тастап, алтыншы орынға көтерілді. Германия мен Хорватия да бір саты алға жылжып, Италияны ТОП-10-нан ығыстырды.

Өзбекстан құрамасы рейтингте екі саты жоғарылап, 55-орынға жайғасты. Ал Қырғызстан бір орын төмен түсіп, 104-орында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или