INTEGRA CITY аймақты дамытуды күшейтеді: Әйелдер спорты Алматы облысындағы өзгерістердің драйвері

2025 жылғы 14-19 мамыр аралығында Өтеген батыр ауылында Суперлига әйелдер командалары арасында гандболдан Қазақстан Республикасының 33-ші чемпионатының бірінші туры өз мәресіне жетті. Турнирге еліміздің алты мықты ұжымы - «Астана», «Алтай-Восток», «Қайсар», «Тұран», КИВС «Шымкент» және Алматы облысының мақтанышы — «Alatau Arulary» командасы бақ сынады қатысты. Дәл осы ұжым турнирдің спорттық қатысушысы ғана емес, сонымен қатар бизнес пен спорттың тұрақты серіктестігінің символына айналды. Алаңдағы қыздардың жетістіктерінің артында – әйелдер спортының қуатына сенетін және әлеуметтік жауапкершілікті басты назарда ұстайтын команда серіктесі INTEGRA CITY компаниясы тұр. Аймақтық спортты дамытуға ұйытқы болу – бұл қоғамның құндылықтарын қалыптастырып, дарынды спортшы қыздар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын болашаққа маңызды үлес.
Формадағы жай логотип қана емес
INTEGRA CITY мен «Alatau Arulary» командасының серіктестігі – бұл қарапайым байланыс емес. Бұл – сенім, нақты инвестициялар және болашаққа деген сенімділік. Компанияның қолдауымен команда турнирге дайындық пен қатысу үшін қажетті барлық ресурстарды алды: жабдық, логистика, ұйымдастырушылық қолдау. Жанашырлық әрбір детальде сезіледі – жаттығу жағдайларынан бастап, сырттағы ойындарға дейін.
— «Alatau Arulary» гандбол командасымен ынтымақтастық 2024 жылы басталды. Бұл біздің аймақтарды дамытуға бағытталған корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік стратегиямыздың логикалық жалғасы атанды. Біз бұл жобадан жай ғана спорттық бастаманы емес, жастар болашағына инвестиция салудың және Алматы облысындағы әйелдер спортын қолдаудың мүмкіндігін көрдік.
«Алғашқы қадам – команда қажеттіліктерін анықтаудан белең алды. Біз клуб өкілдерімен жұмыс кездесулерін өткіздік, сол арқылы қалай барынша пайдалы бола алатынымызды түсіндік. Одан әрі қолдау бағдарламасы құрылды — жабдық пен техниканы қаржыландырудан бастап, жаттығу үдерісін ұйымдастыру мен жарыстарға шығуды қамтамасыз етуге дейін. Осының арқасында команда спорттық дайындыққа және нәтижелерді жақсартуға толықтай өз назарын аудара алды», — деді Қазақстан Республикасындағы «INTEGRA CITY ‑ FZCO» өкілдігінің директоры Павел Лоран.
Әйелдер спорты – тең мүмкіндіктердің көрінісі
Бүгінде «Alatau Arulary» – бұл жай ғана облыс құрамасы емес, болашағына сеніммен қарайтын, амбициясы жоғары және ынталы команда. Әрбір ойын – қыздар үшін алға басқан қадам, ал аймақ үшін – әйелдер спортын қалыптастырып жатқан жаңа тарих.
— Алғашқы турда біз жақсы нәтиже көрсеттік — қолданған тактикамыз өз тиімділігін дәлелдеді. Командада жарақаттар болды, бұл спортта жиі кездеседі және ойын барысына әсер етті, бірақ біз екінші турда өз әлеуетімізді толық көрсетуге бел буамыз, — деп бөлісті команда бас жаттықтырушысы Жанатты Байарыстанова.
— INTEGRA CITY компаниясы бізге елеулі материалдық қолдау көрсетті, мұны бас жаттықтырушылар мен төрешілер де атап өтті. Біз алдағы уақытта жабдықтар мен форманы жаңартып, зал мен медициналық пунктке қатысты ұйымдастыру мәселелерін шешуді жоспарлап отырмыз. Біздің үлкен мақсатымыз – олимпиадалық деңгейге шығу және шетелдік гандбол командаларымен бәсекелесу. INTEGRA CITY компаниясының қолдауы қыздарға мотивация сыйлап, Алматы облысында спорттың дамуына серпін беріп жатыр. Осындай үлгілі қадам басқа компанияларды да жастар мен кәсіби спортты дамыту жолында шабыттандырады деп сенеміз, — деді Жанатты Байарыстанова.
Мән-мағынасы бар серіктестік
INTEGRA CITY үшін бұл ынтымақтастық – ішкі философияның көрінісі: инфрақұрылымды ғана емес, қоғамды да дамыту іспетті. Компания ұзақ мерзімді даму саясатына бағыт алады: командаға қолдау көрсету, бірлескен іс-шаралар өткізу және жастарды тарту. Позитивті ортаны қалыптастыру – тұрақты өсудің маңызды бөлігі.
— Командадағы энергия мен амбиция бізді шабыттандырды. Алматы облысы – біздің қызметіміз үшін стратегиялық маңызды аймақ, және біз мұнда тек технологиялық емес, әлеуметтік бастамаларды да қолдауға талпынамыз. Әйелдер спорты көбірек назар мен қолдауды қажет етеді, және біз «Alatau Arulary» ұжымынанан спорттық және әлеуметтік зор әлеуетті көріп жатырмыз. Командада белсенділік пен мотивацияның өсіп келе жатқанын байқаймыз, жергілікті қауымдастықтан оң пікірлерді естиміз, әсіресе жастар тарапынан гандболға қызығушылықтың артып жатқанына куә болудамыз, — деді Павел Лоран.
Қалалар мен қауымдастықтарды өзгертетін технологиялар
INTEGRA CITY — әлеуметтік жауапты серіктес, әрі қалалық ортаны цифрландырудың көшбасшысы. Қазіргі таңда компания Integra әмбебап цифрлық платформасын дамытады. Бұл жүйе көлік, коммуналдық және әкімшілік инфрақұрылымды біріктіріп, қаланы «ақылды» экожүйеге айналдырады. Integra инновациялық өнімдері – жаңа буындағы технологиялық шешімдер, олар қалаларды өмір сүруге қауіпсіз, тұрақты және жайлы етуге бағытталған.
Integra платформасы видеобақылау жүйелері мен жол сенсорларынан бастап климаттық датчиктерге дейін әртүрлі дереккөздерден ақпарат жинап, оны басқарушылық шешімдер қабылдауға ыңғайлы түрде өңдейді. Ол бар инфрақұрылымға оңай қосылып, немесе аймақтық міндеттерге сәйкес жаңадан құрылуы да мүмкін. Нәтижесі: апаттар мен жол-көлік оқиғаларының төмендеуі, қылмыс деңгейінің қысқаруы, ресурстардың тиімді пайдаланылуы – мұның барлығы жүзеге асырылуы өлшенетін өзгерістер.
Платформа сондай-ақ спорттық нысандарды қалалық басқару жүйесіне біріктіреді. Бұл ақылды жарықтандыру, видеобақылау, алаңдарды онлайн брондау, қолжетімділікті бақылау және аналитикалық деректерді пайдалану сияқты мүмкіндіктерді қамтиды. Мұның барлығы басқаруды жеңілдетеді, спортты кәсіби мамандар мен қарапайым тұрғындар үшін қолжетімді әрі қауіпсіз етеді.
Спорт — сау қалалық экожүйенің маңызды бөлігі. Ақылды қала — тек цифрландыру ғана емес, сонымен қатар дені сау өмір салтын, белсенді демалысты және әлеуметтік интеграцияны қамтамасыз ету үшін жағдайды ұйымдастыра алу. Integra City спортты технологиялар мен ойластырылған инфрақұрылым арқылы әркім үшін қолжетімді етуге ұмтылады.
Тек алға — жаңа ойындар мен жаңа мақсаттарға
Алда жаңа матчтар күтіп тұр, оларға «Alatau Arulary» командасы жаңа күш пен амбициямен дайындалады. Қыздар өздерінің төзімділігін дәлелдеді. Ал мұндай қолдаумен олар жеңіске жетуге де қабілетті.
Жаңалықтарды бақылап, командаға жанкүйер болыңыздар, өз ойыңызбен бөлісіңіздер. Қазақстандағы әйелдер спорты дамып келеді — және оның алға жылжуы оған қол ұшын созатындармен байланысты.