Ресейлік қақпашы «Тұранға» ауысқан растады

Ресейлік қақпашы «Тұранға» ауысқан растады

Ресейлік қақпашы Евгений Гошев Қазақстан Премьер-Лигасында ойнауды жалғастыратынын растады. Ол Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында «Туран» клубына ауысқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

28 жастағы Гошев – Воронеж футболының түлегі. Бұған дейін Ресейдің бірнеше клубында доп тепкен: «Ростовтың» екінші командасы, «Шинник», «Оренбург», «Динамо» (Махачкала) және соңғысы – «Тюмень». 2024/2025 жылғы маусымда Ресейдің Бірінші лигасында 12 ойын өткізіп, 20 гол жіберіп алған. Ал Премьер-лигада 9 кездесуде 18 доп өткізген. Оның бойы – 203 см, ал Transfermarkt порталы футболшыны 75 мың еуроға бағалап отыр.

Айта кетейік, жақында ғана «Туран» клубы шетелдік ойыншылар мен бапкерлермен қош айтысып, тек қазақстандық мамандар мен футболшыларға сенім артамыз деп мәлімдеген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или