Әмір Омарханов Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты

Әмір Омарханов Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында “Уимблдон” турнирінің ширек финалына шықты.

Жерлесіміз жұптық сында ресейлік Егор Плешивцевпен бірге өнер көрсетіп жатыр.

Олар 1/8 финалда турнирдің екінші нөмірлі жұбы ресейлік Тимофей Дерепаско мен италиялық Джакопо Васамиді 6:3, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді.

Осылайша, Әмір Омарханов/Егор Плешивцев жартылай финалға шығу үшін оңтүстікафрикалық Коннор Доиг/үндістандық Криш Туягимен кездеседі.

Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или