Жағажай футболынан Қазақстан чемпионаты басталды

2024 жылғы 9-12 шілде аралығында Конаев қаласында жағажай футболынан Қазақстан чемпионатының алғашқы туры басталады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.
Айта кетейік, жарыс Жамбыл көшесінің бойындағы жағалау стадионында өтеді.
Турнирге еліміздің әр өңірінен келген жеті команда қатысады. Атап айтқанда: «Малайсары» (Жетісу облысы), «Арман» (Павлодар), «J-Liga» (Алматы облысы), «Барыс» (Қонаев), «Барқы» (Семей), «TK B&A» (Павлодар) және «Омега» (Тараз).
Бұл командалар төрт күн бойы құм үстіндегі тартысты кездесулерде чемпионат көшбасшысы атану үшін өзара бақ сынайды. Барлық ойындар KFF YouTube-арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазақстан чемпионатының күнтізбесі:
9 шілде (сәрсенбі)
- 10:00 – «Малайсары» vs «J Liga»
- 11:00 – «Омега» vs «Барқы»
- 17:00 – «Барыс» vs «Малайсары»
- 18:00 – «Арман» vs «Омега»
- 19:00 – «TK B&A» vs «J Liga»
10 шілде (бейсенбі)
- 09:00 – «Омега» vs «Барыс»
- 10:00 – «Арман» vs «TK B&A»
- 11:00 – «Барқы» vs «J Liga»
- 12:00 – «Малайсары» vs «Омега»
- 17:00 – «Арман» vs «Барыс»
- 18:00 – «TK B&A» vs «Барқы»
- 19:00 – «J Liga» vs «Омега»
11 шілде (жұма)
- 10:00 – «Омега» vs «TK B&A»
- 11:00 – «Барыс» vs «Барқы»
- 12:00 – «Арман» vs «Малайсары»
- 17:00 – «Малайсары» vs «Барқы»
- 18:00 – «Барыс» vs «TK B&A»
- 19:00 – «Арман» vs «J Liga»
12 шілде (сенбі)
- 10:00 – «TK B&A» vs «Малайсары»
- 11:00 – «Барыс» vs «J Liga»
- 12:00 – «Арман» vs «Барқы»