Зарина Дияс Португалиядағы турнирді айқын жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші, әлемнің 246-ракеткасы Зарина Дияс Сейшал (Португалия) ITF W50 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 360-орында тұрған үндістандық Анкита Райнамен жолықты. Бұл қос теннисшінің өзара алғашқы кездесуі еді.
Зарина бірінші партияда бет қаратпады – 6:1. Екінші сетте де сол қарқынынан жаңылған жоқ – 6:3.
Қазақстандық теннисшінің айқын басымдылығымен өткен матч 1 сағат 8 минутқа созылды.
Айта кетейік, Зарина Диястың келесі қарсыласы кейін анықталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или