Уимблдон-2025: Қазақстандық теннисшілер 608 131 доллар пайда тапқан

Уимблдон-2025: Қазақстандық теннисшілер 608 131 доллар пайда тапқан

Уимблдон-2025 турнирінің қорытындысы бойынша Қазақстан теннисшілері небәрі $608 131 табыс тапқан, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл – соңғы үш жылдағы ең төмен көрсеткіш. Бұл туралы «Дядя Ваня» телеграм-арнасы хабарлады.

Ең көп табыс тағы да Елена Рыбакинаға тиесілі — ол жекелей сынның үшінші кезеңіне дейін жетіп, $206 720 тапты. Александр Бублик пен Юлия Путинцева жекелей және жұптық сында өнер көрсетіп, әрқайсысы $100 980 тапты. Ал Бейбіт Жұқаев пен Александр Шевченко бірінші айналымда жарыстан шығып, $89 760-тан алды. Анна Данилина микст пен жұптық сында өнер көрсетіп, $19 931 табыс тапты.

Жалпы алғанда, Уимблдонда қазақстандық спортшылар $608 131 тапты. Бұл жалпы сыйақы қорының небәрі 0,8%-ын құрайды. 2024 жылы бұл көрсеткіш $1,554 млн, ал 2023 жылы — $828 945 болған. Демек, биылғы нәтиже — соңғы үш жылдағы ең төменгі көрсеткіш.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или