Қазақстандық ауыр атлеттер жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы екі медаль еншіледі

Қазақстандық ауыр атлеттер жастар арасындағы Азия чемпионатында екі медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық ауыр атлет Матвей Макрушин елордада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында күміс медальға ие болды.
Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.
Матвей қоссайыстың қорытындысы бойынша 331 (148+183) келіні бағындырып, жастар арасында күміс жүлдеге қол жеткізді.
Өзбекстан өкілі Кудротбек Залимжонов 360 (169+191) келіні еңсеріп, алтын медальға ие болды. Ал түрікменстандық ауыр атлет Сулеймен Джафаров 327 (145+182) келі көтеріп, үшінші орынға жайғасты.
Сонымен қатар тағы бір жерлесіміз Санжар Жолтай 110 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қола медальға ие болды. Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 340 (155+185) келіні еңсерді.
Бірінші орынды Сирия өкілі Касвара Джгили иеленді - 364 (164+200) келі. Екінші орынға өзбекстандық Омидолло Олимов жайғасты - 351 (161+190) келі.