UFC on ESPN 70 турниріне билеттің бағалары жарияланды

12 шілдеде АҚШ-тың Нэшвилл қаласында UFC on ESPN 70 аралас жекпе-жек турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде ауыр салмақтағы титулға бұрынғы үміткер америкалық Деррик Льюис бразилиялық Таллисон Тейшейрамен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кеше турнирге билеттердің бағасы белгілі болды — $101 (немесе €85, не £74). Соңғы жылдардағы ең төмен баға ретінде тіркелген бұл билеттер сатылымда тез таусылды.
Айта кетейік, турнирдің басты жекпе-жектердің бірінде жартылай орта салмақтағы UFC ардагері, соңғы екі кездесуінде жеңілген америкалық Стивен Томпсон бразилиялық Габриэл Бонфиммен күш сынасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или