ГЛАВНАЯ
Ауыр атлетика
Қазақстандық ауыр атлет Аңсар Тұрсынбек еліміздегі Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Қазақстандық ауыр атлет Аңсар Тұрсынбек еліміздегі Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Ауыр атлетикадан Астанадағы жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
9 мамырда Қазақстан ерлер құрамасының атынан Аңсар Тұрсынбек өнер көрсетті.
Отандасымыз 94 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.
Аңсар қоссайыстың қорытындысы бойынша 326 (144+182) келіні көтеріп, жасөспірімдер арасындағы бәсекеде күміс жүлдеге ие болды.
Бірінші орынды оңтүстіккореялық Инхок Ким иеленді - 334 (151+183) келі. Үшінші орынға Өзбекстан өкілі Хусонбай Халмуратов жайғасты - 324 (152+172) келі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или